Астана әкімдігі жұмысқа орналастыру бойынша жаңа сайт ашты

None
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігі қала тұрғындарына бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілерге қажетті мамандарды табуға мүмкіндік беретін жаңа портал ашты, деп хабарлайды елорда әкімідігінің баспасөз қызметі.

Азаматтар www.job.astana.kz сайтында Астана кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді алып, өздерінің түйіндемелерін орналастыра алады.     

Сонымен бiрге, аталмыш сайттың қызметі қызметкерлерді іздеп жүрген жұмыс берушiлер үшін де өте ыңғайлы. Барлық анкеталар ашық түрде жарияланады. Сайт жасаушылардың ойынша, бұл - қаладағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік бермек. Бос орындар және жұмыс iздеушiлер туралы мәлiметтi орналастыру тегiн жүргізіледі.

Айта кетейік, интернетті меңгермеген жұртшылық үшін әкімдік жұмыссыздық мәселесін шешуге арналған тағы бір жолды ұсынады. Астанада 55-66-55 телефон нөмірі бойынша жұмыспен қамту бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Бір жыл бұрын ашылған орталыққа бүгінгі күнге дейін 1 мыңнан астам азамат хабарласқан.