Астана әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының әкімдігінде кадрлық өзгерістер болды.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығымен, бұған дейін Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарып келген Медер Маселов, «Астана - жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындады. Бұл қызметте бұған дейін болған Қаһарман Жазин «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясын басқаратын болды.

Астана басшысының басқа бұйрығымен «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарып келген Серік Оспанов, осы қызметіне бекітілді.