Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өкімімен Павел Кулагин Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімін басқарған.
Ал бұған дейін Астана әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы - хаттама шефі болып қызмет еткен Төлеген Ахметов Сарыарқа ауданы аппаратының жетекшісі болып тағайындалды. Ал оның бұрынғы орнына Ержан Жақыбаев тағайындалды.