Отырыс барысында «Жастар - 4» ТК құрылысы қаралды. Ведомствоаралық комиссия мүшелері «Бақыт 11» ЖШС басшысы Д.Т.Каримбекова құрылысты аяқтау үшін ақшалай қаржының түскендігі туралы ақпаратты ұсынбағанын атап өтті. Өз кезегінде, ол Ішкі істер департаментінің ғимаратында «Жастар - 4» ТК инвесторларымен жағдайды түсіндіру бойынша кездесу өтетінін мәлім етті.
«Industrial Innovation Group» ЖШС директоры С.Б. Бейсенбаевтың жер учаскесін «Көркем Тауэр» ТК-дан «Көркем Тауэр» ТҚК-ға қайта рәсімдеу туралы өтініші қаралды. Салушыға жер учаскесін ТҚК-ға қайта рәсімдеу тәртібі бойынша түсініктеме алу үшін Астана қаласының жер қатынастары басқармасына жүгінуге кеңес берілді.
«ТамызИнвестГрупп» АҚ нысандарының құрылысын аяқтау мәселесі бойынша «Корпорация Ремас» ЖШС басшысы Н.С. Абдуевтың «Алтын Раид» тұрғын үй кешенін техникалық тексеру бойынша қызмет көрсету үшін «Астана Курылысконсалтинг» ЖШС-мен келісім жасау туралы өтініші назарға алынды. Комиссия «Алматы» ауданының әкімдігіне, Астана үлескерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасына «Орбита» және «Территория комфорта 2» тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен құрылысты өз бетінше аяқтау және нысанды пайдалануға беру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кеңес берді.
«Элит Строй-2» ЖШС қатысты оның директоры А. Сапарғалиеваға ВАК-тың келесі отырысына ақша қаражатын қайтарудың нақты мерзімдерін белгілеп, 9 қыркүйекке дейін 4 инвесторға ақшаның қайтарылғанын растайтын құжаттарды көрсету ұсынылды.
«Азбука жилья» компаниясының объектілерінің құрылысы мәселесі бойынша «Орда Инжиниринг» ЖШС өкілі О.В. Носуленконың 20 қыркүйекте түрік компаниясымен «Садовые кварталы» ТК бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау, сондай-ақ, құрылыс аяқталған соң қалған тұрғын және коммерциялық орынжайларды сату туралы келісімге қол қойылғандығы туралы өтініші назарға алынды.
Отырыс барысында Астана үлескерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Н. Чурсинаның салушысы «GrandElite-NS» ЖШС болып табылатын «Скайп Сити» ТК бойынша «Комфортный дом» ЖШС ақшалай қаражатын қайтару туралы шағымның сотқа берілгенлігі туралы өтініші қаралды. «Скай Сити» ТК инвесторларының өкілі нысан мен жер учаскесін ТҚК беру туралы сотқа талап-арыз берілетіні туралы жеткізді.
ВАК мүшелері МСҚБ мен сәулет және қала құрылысы басқармаларына салушы «Симург 2000» ЖШС қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін «Лазурный берег» ЖК эскиздік нобайдан ауытқушылықпен салу фактісі бойынша қорытынды әзірлеу ұсынылды.
«Зере - 1», «Зере - 2» тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша «КазГазАстана» ЖШС директоры Д.К. Ахмедияровтың құрылысты аяқтау үшін ақша қаражатының түскендігін растайтын ақпаратты ВАК-қа ұсынбағаны, нысандағы жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Астана қаласының ішкі істер департаментіне ВАК-тың келесі отырысына осы салушы туралы ақпарат дайындау ұсынылды.
Сондай-ақ, «Алға Тоқболат» ЖШС директоры Е. Әлжанның 7 қыркүйекке дейін инвестор К.А. Дошмановқа салынған қаржыны қайтару туралы өтініші қаралды.
Астана үлескерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Н. Чурсинаға, Астана қаласының ішкі істер департаментіне, МСҚБ, жер қатынастары жне сәулет және қала құрылысы басқармаларына 17 қыркүйекте Тұран даңғылының батысына қарай орналасқан тұрғын үй кешенінің инвесторларымен құрылысты өз бетінше аяқтау бойынша мәселені түсіндіру үшін жиналыс өткізу ұсынылды.
«НМ Астана Құрылыс» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы М.Т. Жагипаровтың айтуынша, «Арыстан» ТК бірінші кезегі «А» блогының құрылысы 31 желтоқсанға дейін, «Д» блогы - 2017 жылғы желтоқсанға дейін аяқталады, 2-ші кезекті (Б,В,Г блоктары) қаржыландыру мәселесі ғана шешілмей отыр. Салушыға келесі отырыста барлық блоктардың құрылысын аяқтау бойынша іс-шаралар жоспарын көрсету ұсынылды.
«АКА АБ» ЖШС «Оңтүстік-шығыс» тұрғын үйіне қатысты ВАК инвесторлардың бастамашылар тобына осы нысан бойынша қолда бар құжаттар топтамасын Астана үлескерлерінің қоғамдық кеңесінің төрағасына беру, ал «Оңтүстік-шығыс» нысанындағы сауда орынжайын пайдалану фактісі бойынша МСҚБ басқармасына жазбаша өтініш беру ұсынылды.
ТҚК төрағасы И.Е. Айзахметовке (ЖК «Керуен») рұқсат құжаттарының болмауына байланысты нысанда дереу барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату ұсынылды. МСҚБ басқармасына нысан құрылысын тоқтатып қою бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды. ВАК-тың келесі отырысына салушының басшысы қатысып, қаржы жұмсаған барлық инвесторлардың тізімін ұсынуы керек.
ВАК «Бай-Тау» ТК құрылысы мәселесі бойынша салушы «Black Gold Development» ЖШС Е. Ахмедин ВАК отырысына нысан құрылысын аяқтау бойынша құрылтайшы мен әлеуетті инвестордың болуын қамтамасыз ету бойынша ВАК ұсынысын орындамағанын атап өтті.
«Номад строй ЭК» ЖШС директоры Логвинов А.С. комиссия отырысына келген жоқ. «Фьючи Хом» тұрғын үй кешенінің ТҚК төрағасының 18 мың шаршы метрдің 13 мың шаршы м сату туралы өтініші назарға алынды. «Есіл-1» ТК инвесторларының өкілдері кәріз жүйесі мен жылу торабын тарту жұмыстарының жүргізілмей жатқандығын мәлім етті. Осыған байланысты комиссия мүшелері «Есіл» ауданының әкімдігіне «Есіл-1» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына-инвесторларға тұрғын үй жылыту маусымына дайындауға көмек көрсету ұсынылды. Қала әкімдігі кәріз жүйесі бойынша «Астана Су Арнасы» АҚ ескертулерін жою үшін көмек көрсетілетінін жеткізді.
«Төленді» ТҚК нысандары бойынша Астана үлескерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасының Астана қаласының прокуратурасында «Төленді» ТҚК нысаны инвесторларының бастамашылар тобымен кездесу өтетіні туралы өтініші назарға алынды. «Төленді» ТҚК кассалық аппараттың жоқтығы мен Байтұрсынов к-сі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сату туралы өтініш қабылданды. «Төленді» ТҚК төрағасы А.С. Байжұманов «Столичный 2» ТК бойынша пәтерлерді екі рет сату мәселелері шешілді. Байтұрсынов к-сі, 2 мекен жайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің инвесторларына ақшалай қаржы қайтарылады, «Аниса 2» және «Аниса 3» тұрғын үй кешендері бойынша ТҚК ұйымдастырылады. Комиссия мүшелері Жер қатынастары басқармасына жер комиссиясының қарауына «Аниса 1» ТК бойынша жобалауға қаулы ұсыну жөніндегі мәселені енгізу ұсынылды. «Аниса 1» ТК пайшыларына С. Байжұмановтан пәтерлерді босату туралы хабарлама алу үшін Астана қаласының ішкі істер департаментіне жүгіну ұсынылды.