Астана әкімі Алтай Көлгінов сайлауда дауыс берді
10:10, 20 Қараша 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Таңертең сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қаламызда 400-ден астам сайлау учаскесі ашылды. Бүгін сайлау учаскелерінде жұмыс істейтіндердің бәріне алғысымды білдіремін», - деп жазды елорда әкімі Instagram-парақшасында.
Фото: Александр Куприенко