«Бүгін жетім, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға арналған шырша өтіп жатыр, іс-шара ертегі әлемі түрінде ұйымдастырылған. Ертегі кейіпкерлері де көп, балаларға ұнады деп ойлаймын, ал екінші бөлімде «Жастар» театрында алғаш рет ертегі қойылымы көрсетіледі», - деді astana.kz сайтына Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазыев.
Мереке 5 блокпен ұйымдастырылады. Оның әрқайсысына ертегі кейіпкерлері қатысып, балаларға арналған ерекше қойылымдар көрсетілді. Бұдан басқа, жаңа жылдық шараға вокалдық, би ұжымдары қатысты.
Сондай-ақ, үздік жаңа жылдық костюм байқауы өткізілді. Балалар театрландырылған ертегі тамашалады.
«Шытырман ертегі өте ұнады. Жақсылық әрқашан да жамандықты жеңеді. Әсіресе, Аяз ата мен Ақшақардың күймемен келгені таң қалдырды. Осындай мерекелер жыл сайын ұйымдастырылса екен», - дейді жаңа жылдық мерекеге қатысқан Әсел Сапарәлиева.