Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғынының желідегі шағымына жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook желісінде елорда тұрғындарының бірінің шағымына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Астана- Что? Где? Когда?» тобының мүшесі Рәмзия Нұрқышева Шығыс Ильинка ауылында дамбаның бұзылғаны туралы жазба қалдырған.

«Бүгін бізге мектепке және жұмысқа өз бетімізше жол тауып бару қажет болды»,-деп жазды елорда тұрғыны.

Астана әкімі жазбаның астына өз комментарийін қалдырды.

«Оқиға болған аймақты тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мен міндетті түрде Сіздерге барып қайтам»,-делінген әкімнің жауабында.