Астана әкімі бірқатар нысандардың қысқа дайындығын тексерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков бірқатар нысандардың қысқа дайындығын тексерді, деп хабарлады astana.gov.kz.

«Қыстың көзі қырауда, ел астанасының қыстан қысылмай шығуы - маңызды мәселе. Сондықтан суық маусымда жылу желілерінің жүйелі жұмыс істеп, жылу қазандықтарының істен шықпауын қатаң бақылаған жөн». Қаланың жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін нысандарын аралап көрген қала әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай деді. Қала басшысы өз кезегінде ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-ның жұмыс барысын тексеріп, ЖЭО-3 құрылыс жұмыстарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Еске салсақ, Астанада 3 қазаннан бері жылу маусымы басталған болатын. Қазір бірінші және екінші ЖЭО елорданы жылумен қамтуға 100% дайын. Тіпті, төтенше жағдай болған кезде де жұмыс тоқтамайды. Өйткені жұмысты үздіксіз жүргізуге қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдар бар.