Астана әкімі емханалардағы көп сағаттық кезектерді қысқартуға тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қаладағы ауруханалар мен емханалардағы көп сағаттық кезектерді қысқартуға тапсырды. Бұл жайында ол бүгін елорда әкімдігінде мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасы мәселесіне арналған семинар-кеңесте айтты.

«Отбасылық дәрігер» үдемелі тәжірибесі енгізілген секілді. Алайда, бұдан айтарлықтай оң нәтиже болмады, тұрғындар арасында шағымдардың көбейгендігі байқалуда»,- деді әкім.

Осы орайда ол тәжірибеге енгізерден бұрын бастапқы-санитарлық көмек моделіне көшу бойынша тәжірибені алдын ала зерттеген дұрыс екенін атап өтті.

«Бастапқыдан барлығын дұрыс зерттеп алу керек. Неліктен бұдан бұрын адамдар оқытылмаған және тиісті кеңестер берілмеген. Осыны алдын ала зерделеу керек еді. Бұның салдары қызмет көрсету саласын нашарлатты»,-деді әкім.

Сонымен қатар Ә. Жақсыбеков қаладағы ауруханаларда байқалып отырған кезек мәселесін сынға алды.

«Адамдар жылдамырақ тексеруден өту үшін алдымен терапевке баруға мәжбүр. Мәселен, емделушіге окулистке бару қажет болса, оны міндетті түрде терапевке жібереді. Яғни, адамның құлағымен немесе көзімен және аяғымен проблемасы бола тұра, оны 2-3 сағат кезекте күттіріп қояды. Кейіннен тағы мамандандырылған дәрігерге кезекке тұрады»,-деді ол.

Бұл тұрғыда әкім бұл мәселеге баса назар аудару керек екенін жеткізді.