Еске салайық, өткен ақпан айының 1-і күні елорда әкімі Елбасының «Болашақтың іргесін бірлесіп қалаймыз!» Жолдауында атап көрсетілген басымдықтарды талқылау мақсатында қала белсенділерімен кездесіп, бірқатар жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеген болатын.
Мәселен, Астана үшін өзекті болып табылатын энергияны тиімді қолдану, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері әкім орынбасары Василий Крыловқа, экономиканың нақты секторын, әсіресе кәсіпкерліктің өсіміне жол ашатын Өңірлік даму бағдарламасын дайындау мәселесі әкім орынбасары Қанат Сұлтанбековке, кәсіби-техникалық білім беру, балабақшалардағы орын тапшылығы, емханалардың жетіспеушілігі мен еңбекпен қамтамасыз ету мәселелерінің түйінін тарқату әкім орынбасары Аида Балаеваға тапсырылды.