2010-2011 жылдарғы жылу беру маусымына әзірлік жұмыстарын жүргізу үшін өткен жылдың 30 сәуірінде қалалық штаб құрылып, 7 қазанда жылыту маусымы басталды. Штабтың мәліметтеріне сәйкес, жылу беру маусымының басына тұрғын үйлер 100 пайызға дайын болды, 1836 тұрғын үйдің 63-іне дайындық паспорттары ескертулермен берілді.
«Астана Энергия» АҚ қаланы жылумен қамтамасыз ету үшін алты айда 1-ші және 2-ші ЖЭО-ларда 1 млн. 785 мың тонна көмір (немесе 26 641 вагон) және 11 мың 851 тонна мазут (немесе 215 цистерна) жұмсады. Жылу энергиясын жіберу көрсеткіші 3 млн. 783 мың Гкал. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 1,8 пайызға аз. Өткен қыста ауа райы қолайлы болғандықтан электр энергиясы 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға аз жағылып, сағатына 1 млн. 518 мың кВт-ты құрады.
Жеке жылыту жүйелері бар тұрғын үй кешендердің 251-ден 303-ке дейін артуына байланысты 2010 жылғы 16 сәуірден бастап «Астана-Жылутранзит» АҚ базасында ПИК төрағалары мен қызмет көрсететін басқа да мекемелер үшін жылу беруді басқарудың автоматтық жүйесі мен есептеу құралдарын пайдалану бойынша курстар ұйымдастырылып, 121 маман даярланды.
Сондай-ақ өткен маусымда 3 574 тонна (немесе 146 цистерна) сұйытылған көмірсутегі газы босатылды, бұл оның алдыңғы маусыммен салыстырғанда 338 тоннаға аз. «Астана Газ Қызмет» ЖШС 1215 көппәтерлі тұрғын үйді, яғни 68 728 тұтынушыны газбен қамтамасыз етеді.
Жеке тұрғын үй секторын сумен қамту үшін 593 су колонкасы орнатылып, 411-і жанасына ауыстырылды.
Қалалық штабтың жетекшісі, әкім орынбасары Василий Крылов атап көрсеткендей, бүгінгі таңда қаланың барлық коммуналдық қызметтері мен энергетикалық кешен кәсіпорындары алдағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде жөндеу бағдарламаларын бекітіп, оны жүзеге асыруға кірісіп кетті.