Астана әкімі қала мектептерінде психология пәнін жүргізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы Тамыз кеңесінде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мектеп бағдарламасына психологияны енгізуді ұсынды.

«Мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне Астананың кейбір мектептерінде эксперименттік негізде «психология» пәнін енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», - деді қала басшысы. Осы орайда әкім жақын арада психологияның базалық курстарының бірыңғай әдістемесін даярлау керектігін атап өтті. Мұнымен қоса И.Тасмағамбетов күрделі дүниетанымдық мәселелер бойынша жоғары сынып оқушыларымен сабақтан тыс психологиялық тренингтер ұйымдастыруды ұсынды. «Бала тәрбиесінде қиын психологиялық талқылауға ата-аналарды өз еркімен жұмылдыруды қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар оқу жылы барысында мектеп директорларына, олардың тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары үшін, сондай-ақ жоғары сыныптардың жетекшілеріне танымал педагог-психологтардың қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу маңызды», - деп атап өтті әкім. Бұл тұрғыда қала басшысы осы тақырып бойынша білім басқармасы мен өзінің орынбасарына шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.