Қала басшысының айтуынша, бүгінде елордаға «IT-технолог», «программист», «инженер-механик», «инженер-электрик», «монтажшы-құрылысшы», «электр-газ дәнекерлеуші» және тағы осы іспетті маман иелері ауадай қажет. «Міне, бұл мамандықтар алдағы уақытта өз сұранысын жоғалтпайды», - деп атап көрсетті И.Тасмағамбетов.
Астана әкімі атап көрсеткендей, қазіргі кезде қалада экономистер мен заңгерлерге сұраныс жоқ. Олардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 87 пайызды құрап отыр.