Астана әкімі қаланың жаңажылдық безендірілуіне ерекше назар аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков кезекті аппарат кеңесінде қалалық коммуналдық қызметтердің жұмысын жақсарту, елорданың сырт келбетін жақсарту мәселелерін талқылады, деп хабарлады astana.kz.

«Қала басшысы әсіресе, елорданың лайықты сырт келбетін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, әкім әкімшілік және тұрғын ғимараттарын жарық шамдарымен қамтамасыз етуді, түнгі иллюминациямен жұмыс істеуді тапсырды. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін мұз алаңдары салынатын болады. Орталық парктің қалпына келтірілгеніне қарамастан, Есіл өзенінің жағалауында түнгі жарықтандыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте Әділбек Жақсыбеков ведомствоға қарасты басқармалардың жұмысына нақ осы адамдардың баға беретінін атап өтті. Астанада Жаңа жыл қарсаңында 38 шырша орнатылды. Сонымен қатар, шағын сәулеттік піішіндер орнатылып, ғимараттардың қасбеттері безендірілді, шамдар декоративтік рәсімделді, иллюминациялық аркалар мен кронштейндер жасалды», делінген хабарламада.