Астана әкімі Қонаев көшесін тап-тұйнақтай қылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған көшенің бойындағы қарды толығымен тазалап, көктайғақты ерітетін реагент де, құмды да сеуіп қойған. Дәл осы көшеде орналасқан "Казмедиа орталығында" бүгін Президенттің қатысуымен индустриаландыруға арналған телекөпір өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қонаев көшесіндегі көктайғақты кетірсе де, қаланың басқа көшелерінде әлі де мұз қатып тұр. Мәселен, "Бәйтерек" монументі алдында мұз айдынын ашып, әбден коньки тебуге болады. Сол сияқты басқа  көшелерде  де көктайғақ.  

Бүгін түнде қалың қар жауса да, көшеде құлап, қол-аяқтарын сындырған адамдар аз емес. Олардың ішінде шетелдіктер де бар.