Қонаев көшесіндегі көктайғақты кетірсе де, қаланың басқа көшелерінде әлі де мұз қатып тұр. Мәселен, "Бәйтерек" монументі алдында мұз айдынын ашып, әбден коньки тебуге болады. Сол сияқты басқа көшелерде де көктайғақ.
Бүгін түнде қалың қар жауса да, көшеде құлап, қол-аяқтарын сындырған адамдар аз емес. Олардың ішінде шетелдіктер де бар.