Бүгін Мемлекет басшысы атынан Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ардагерлерге "Қазақстан Контитуциясына 20 жыл" мерейтойлық медальдарын табыстады. - Конституция ауызбіршілік орнатып, халықтың ынтымақтастығын нығайтушы негізге айналды. Әрқайсыңыздың мемлекет Тәуелсіздігін нығайтып, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, сонымен қатар Астананың дамуына қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Мемлекет басшысы атынан барлықтарыңызды Конституцияның 20 жылдығымен шын жүректен құттықтап, сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін, - деді әкім.
12:45, 28 Тамыз 2015
Астана әкімі ҚР Конституциясы күніне орай мерейтойлық медальдар табыстады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бас заңының 20 жылдығына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға сүбелі үлес қосқан елорданың 400 тұрғыны мерейтойлық медальдермен марапатталды.