«Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік лицейлерде және колледждерде ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сабақтар болмайтын температура параметрлері белгілі, олар сайтқа орналастырылған, соған қарай сіздер баланы сабаққа жіберу қажет пе, жоқ па, өздеріңіз анықтай аласыздар», деп жазды И.Тасмағамбетов өзінің блогында сұрақтарға жауап бере келіп.
Айталық, көшеде Цельсий бойынша -25 градус және желдің жылдамдығы секундына 2 метрден жоғары болса, 1-4 сыныптар оқушыларының сабағы болмайды,. Ал температура -30 градустан төмен және желдің жылдамдығы секундына 2 метрден жоғары болса, 1-9 сыныптардың сабақтары тоқтатылады. Егер температура -35 және одан төмен және желдің екпіні 2 метрден жоғары болса, мектеп оқушылары ғана емес, кәсіптік лицейлердің және колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымайды. Алайда желдің жылдамдығы 2 метрден кем болса, температура режимі 5 градусқа ұлғаяды.
Сабақтардың болмайтыны туралы ақпараттарды 118, 169, 55 68 67, 55 66 03, 55 68 72, 34 29 71, 57 45 32 телефондары арқылы сондай-ақ «31 арнаның» жүгіртпе жолдары арқылы бірінші ауысым үшін 6-45-тен 7-45-ке дейін, екінші ауысым үшін 12.15-тен 13.00-ке дейін білуге болады.