Астана әкімі нөсер жаңбырдағы жолдар мен көшелердегі қолайсыздықтарға байланысты тұрғындардан кешірім сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев Фейсбуктегі парақшасында нөсер жаңбыр салдарынан туындаған жолдар мен көшелердегі қолайсыздықтарға байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Ол қала әкімдігі атынан кешірім өтінді. 

«Қаланың жедел дамуы нөсерлік кәріз жүйелерінің құрылысын басып озды, салдарынан бұл құбылмалы ауа райы кезінде қолайсыздық  тудыруда. Казгидрометтегі әріптестеріміздің хабарлауынша, бірнеше күнге созылған нөсер салдарынан Астанаға бір айлық мөлшердегі жауын-шашын жауған», делінген жазбада.

Әкімдік суды сорғызуға және көшелерді тазартуға коммуналдық қызметтің барлығы шығарылғандығын және іс-шаралар қолға алынғандығын атап өткен.

«Біз жолдардың жабылуына байланысты қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өз тарапымыздан қала әкімдігі нөсер жауын кезінде  жолдардағы жағдайлар бойынша ең алдымен ресми дерекөздерде - әкімдік сайты мен әлеуметті желілердегі аккаунтында, радио тораптары арқылы, сондай-ақ ТЖД байланыс құралдарын пайдалана отырып барынша толық ақпарат беруге тырысады», деп жазады Әсет Исекешев.

Әкім қаладағы кейбір көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ондағы нөсерлік кәріз жүйесінің жаңғыртылғандығын алға тартады.
Биыл Омаров пен Отырар көшесінің қиылысындағы коллектор қалпына келтіріліп, жыл соңына дейін Тұран даңғылы мен 27 көше қиылысындағы тазарту жүйлерінің құрылысы аяқталады.

Сонымен бірге бірқатар көшелерде су ағызатын коллекторлары мен су тазарту қондырғылары салынып, Тұран мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы тазарту ғимараты қайта жаңғыртылады.  

«Қала ауқымында осы мәселені жүйелі шешу үшін бүгінгі таңда нөсерлік кәріз жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша халықаралық институттар, инженерлер және сарапашылық топтармен бірге жұмыс істеудеміз. Осы жұмыстардың нәтижелерін алдағы күзде міндетті түрде қаланың қоғамдық кеңесінде талқылауға қаланың қоғамдық кеңесінде талқылауға шығарамыз», деп жазды елорда әкімі.