«Астана - мемлекетіміздің бас қаласы. Сондықтан да осы қаланың тұрмыс-тіршілігі, көшелер мен нысандардың құрылысы Елбасының ерекше назарында. Әрине, қала өсіп өркендеу үшін сапалы жолдар керек. Осы орайда бүгін Астана күнінде қала үшін маңызды даңғыл жол пайдалануға тапсырылып жатыр. Яғни, заман талабына сай көше пайда болды»,-деді әкім.
Бұл тұрғыда И. Тасмағамбетов аталған жолдың құрылысына жұмылдырылған «АИС Астана» және «Қазгерстрой» мердігер мекемелерінің жұмысшыларын қала күнімен құттықтап, олардың осы атқарған жұмыстарына алғысын айтты.