Кездесу барысында БАҚ өкілі аталмыш нысанның талай жылдан беру қаңырап тұрғанын айта келіп, ендігі тағдыры не болатынын сұрады.
«Нысанның иесін табуға тырысамын. Олай болмаған жағдайда иесі нысанды сататындай немесе құрылысты аяқтайтындай шара қабылдаймыз», – деді Жеңіс Қасымбек.
Аталмыш кездесуде Астана әкімі қала тұрғындарына сатылып жатқан көмірдің сапасын тексеру туралы тапсырма берді.
«Шұбаркөл көмірі экспортқа жіберілмейді. Ал сіздер жағып отырған көмір сапасына келсек, тексереміз. Тұрғындар көмір сатып алып жүрген учаскені барып тексеріңіздер. Ондағы көмір талапқа сай ма, жоқ па, анықтау керек», - деді ол.