ДДСҰ мандатына сәйкес марапат елге емес, темекі тартуға қарсы күресте көшбасшылық танытқан және бұл істе ерекше нәтижелерге жеткен адамдарға беріледі.
«Иманғали Тасмағамбетов шын мәнінде, елдің денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосты деп ойлаймын», - деді министр.
Астана әкімі ТМД елдері өкілдерінің арасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы марапатының құрметті иегері атанған алғашқы адам, деп атап көрсетті Ж.Досқалиев.