"Кейде қонақ шақырып, кiсi күту керек, бiрақ мейрамхананың аузына да келе алмайсың. Әкiм солай келiп жатса, қарапайым халық қалай өтедi?! Сол жерде құлап, жаралануың да мүмкін. Осының барлығына қала билiгi кiнәлi ма?!", - дедi әкiм бүгiн қала тұрғындарымен болған есептiк кездесуiнде.
Оның айтуынша, полиция ендi ондай кәсiпкерлерге қатаң бақылау жасап отырмақ. "Ішiн алтынмен аптап қояды, мақтанады, ал дәл көз алдында тұрған қоқысты жинауға шамалары жетпейдi. Олар үшiн мемлекет бюджеттен ақша бөлiп, жинап кету керек екен. Есiк алды 50-60 метр қар, қатқан мұз. Бұған ең бiрiншi иесi жауапты. Барша әлемде солай. Бiрiншiден, ондай мейрамханаларға, шаштараз бен асханаларға бiз бармауымыз керек, бизнестерi жапа шексiн", - дедi әкiм.
Оның сөзiне қарағанда, әрбiр тұрғын қала үшiн өз үлесiн қосып, астаналық менталитеттi қалыптастыруы шарт.