Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Астана әкімі мен Токио губернаторы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Президент пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Smart city технологияларын талқылаған болатын.