Астана әкімі төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты түсінік берді

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек бірер күн бұрын 4 баланың өмірін қиған өртке қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселені қарастырып жолын табамыз. Екінші отбасыға уақытша жатақхана берілді, әрі қарай бұл отбасымен қосымша жұмыс істейміз. Қазір олардың тұрғын үй мәселелері шешіліп жатыр. Өртенген үй коттедж. Екі отбасы жалдап тұрған», - деді Жеңіс Қасымбек бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесуі барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Айта кетейік, 17 қарашада Астанада жер үй өртеніп, төрт бала көз жұмды.

Сол күні елорда әкімдігі өрттен мерт болған төрт баланың отбасына көмек көрсететіні белгілі болды.

Ізін суытпай Астанадағы төрт баланың өмірін қиған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды.