«Астана-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы рейстен алынып тасталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техникалық ақаулықтарға байланысты Астанадан 11 шілдеде, Ақтөбеден 12 шілдеде аттанатын №87/88 «Астана-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызы бір рейске алынып тасталады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жолаушыларға билеттер сату құқығына ие №501/502 «Астана-Алматы-2» бағытындағы жолаушылар пойызы сапарға шықты. Ол елордадан 11 шілдеде шығып, Алматыдан 12 шілде аттанып, Астана стансасына 13 шілдеде келіп жетеді.

23 вагоннан құралған құрамның ішінде 19 туристтік, 2 техникалық вагон, 1 вагон мен 1 вагон-мейрамхана бар. Жалпы орындар саны - 326.