Астана әлем чемпионы Серік Нұрғалиевті салтанатпен қарсы алды

АНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін, жұма күні елордалық теміржол вокзалының перронында Күш-қуат құрылымдарының XIII дүниежүзілік олимпиадасының чемпионы -Серік Нұрғалиевті салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.


Чемпионның айтуынша,  спорт  шеберлері мен  кандидаттары  болып табылатын полиция   қызметкерлерінен   жасақталған   қазақстандық   команда   олимпиадада  үздік  өнер  көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 25-і  мен тамыздың 10-ы  аралығында  Ванкуверде  өткен   бұл олимпиадаға  әлемнің   70 елінен 12 мыңнан  астам спортшы  қатысты.   Спорттың   60 түрі  бойынша өткен  олимпиададан  қазақстандық  атлеттер  командасы   сегіз награда жеңіп  алды,  оның алтауы -  алтын,  қалған  екеуі  - күміс және қола медаль.

Қазақстандық команданың   мүшесі астаналық    Серік Нұрғалиев   рекордшы   атанды.  Ол    қанжығасына   үш  алтын  медаль     байлады.  Ванкувердегі    жеңісін   қосқанда,     Серік  Нұрғалиев  Күш-қуат құрылымдарының  дүниежүзілік  олимпиадасының    тоғыз дүркін чемпионы атанып  отыр.