Астана әлемдік қоғамдастыққа бітімгершілік процестердің орны ретінде танымал - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әлемдік қоғамдастыққа бітімгершілік процестердің орны ретінде танымал. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді қонақжай қазақ жерінде қарсы алғанымызға шынайы қуаныштымыз. Діни көшбасшыларға, халықаралық ұйымдардың өкілдеріне, саясаткерлер мен сарапшыларға біздің съезді шақыру туралы бастамамызға қолдау көрсетіп, оның жұмысына қатысқандары үшін терең құрметімізді білдіруге рұқсат етіңіздер. Осы жерде алғашқы тарихи съезд өткізілген кезден бері 15 жыл өтті. Бүгін біз 6-шы рет жиналып отырмыз. Бұған дейінгі отырыстарға қатысқан ескі достарымызды көру мен үшін қуанышты жайт. Астанаға алғаш рет келіп отырғандар да қош келдіңіздер»,- деді сеъзд жұмысын ашқан Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ағымдағы жылы елордамыз Астана қаласы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өткенін еске салды.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін оның визиткалық картасы деп атауға болады. Себебі біз бұл қаланы елордамыз Астананы барлық мәдениеттерге ашық Еуразияның болашақ қаласы ретінде салдық», - деді Елбасы.

ҚР Президенті бүгінде Астана бүкіл әлемдік қоғамдастыққа бітімгершілік процесстердің, бастамаларды түйіндестірудің нүктесі ретінде танымал болғанын атап өтті.

«Елордамыз үшін тілектестік, өзара құрмет пен толеранттылықтың айрықша рухы тән», - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр.