Астана әлемге заманауи урбанистиканың қандай болуы керектігін көрсетіп отыр - урбанист

АСТАНА. KAZINFORM – Астана әлемге заманауи урбанистиканың қандай болуы керектігін көрсетіп отыр. Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкасында Астана қаласы урбанистика орталығының аға урбанисі Нұрқожа Бауыржанұлы айтты.

Фото: Kazinform

- Қазір шетелдік тәжірибеге бұрынғыдай біржақты қарап, солардың үлгісін алатын кезең біртіндеп артта қалып келеді деп ойлаймын. Себебі Астана бүгінде әлемге заманауи урбанистиканың қандай болуы керектігін көрсетіп отыр. Еуропадан, оның ішінде Лондоннан және басқа да қалалардан тәжірибелі урбанистер елордаға келіп, жүзеге асырылып жатқан жобаларға таңданысын білдіруде. Тіпті «Біз осындай қаланы армандап жүр едік» деген пікірлерін де айтып жатыр. Өйткені олар қаланың қандай болуы керектігін теориялық тұрғыдан жақсы біледі, алайда Еуропада сол идеяларды іс жүзінде жүзеге асыру оңай емес, - деді Нұрқожа Бауыржанұлы.

Оның айтуынша, Еуропаның көптеген қаласындағы көшелер ат арбалар жүрген кезеңнен сақталған. Сондықтан олардың кейбірі өте тар, жаяу жүргіншілердің өзі бір-біріне жақын жүріп өтуге мәжбүр. Ал Астана жас қала болғандықтан, мұнда заманауи урбанистикалық шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

– Қазіргі таңда бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жағдай жасалып отыр. Мысалы, Астана қаласының әкімі сәулет саласының маманы болғандықтан, қала Сондықтан бүгінде Астана шетелдік тәжірибені ғана үйренетін қала емес, керісінше, өз тәжірибесін өзгелерге көрсете алатын деңгейге көтеріліп келеді. Шетелдік мамандардың елордаға келіп, жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысуы – соның бір көрінісі, - деді ол.

Оның пайымынша, қала құрылысының мінсіз үлгісінде ғимараттар негізінен 3-4 қабаттан аспауы керек.