Сонымен қатар, Астанадан басқа Топ-21 АҚШ-тың бес қаласы, Австралия мен Тайваньның төрт қаласы, Канададан үш қала және Бразилия, Жапония, Кения мен Жаңа Зеландиядан бір-бір қала енген. Қазақстандық қала тізімге бірінші рет қосылып отыр.
Шаһарларды негізгі бес көрсеткіш бойынша бағалайды. Нақ осы көрсеткіштер қандай да болмасын қаланың осы тізімдегі орны мен бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Биылғы жылдың тақырыбы - «Революциялық қоғамдастық». Ол қалалық және өңірлік жоспарлауды және тұрғындардың тіршілік әрекетіне әсерін зерттеуге негізделген. Осылайша, биылғы қатысушылар инфрақұрылымдық дамуы мен қалалық жоспарлауға енгізілетін инновациялары мен қазіргі заманғы технологиялардың деңгейлері бойынша бағаланады.
Зияткерлік қоғамдастықтардың Топ-21 қатысушылары өздері жайлы толық ақпарат береді, оларды тәуелсіз зерттеу фирмасы бағалайды. 2015 жылы маусым айында Торонто қаласында (Канада) өтетін шара барысында осы қалалардың бірі үздік зияткерлік қоғамдастық болып ресми танылады. Айта кетейік, өткен жылы «Зияткерлік қоғамдастық-2013» атағы канадалық Торонто қаласына берілді.