KASE-дегі саудада доллар қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары нарығындағы сауда-саттық аяқталды.

Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

15 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 469,71 теңге болып, 0,77 теңге төмендеді. Қазақстан Ұлттық банкінің 15 шілдеге белгілеген ресми бағамы 468,88 теңге деңгейінде.

Kurs.kz мәліметіне қарағанда, Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар 467,90 теңгеден сатып алынып, 474,94 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы —  533,69 теңге, сату бағамы — 543,71 теңге, рубль 5,65 – 5,95 теңге аралығында.

Алматыда доллар орта есеппен 470,00 теңгеден сатып алынып, 472,95 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 536,21 — 542,03 теңге, ал рубль 5,72 – 5,87 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 471,17 теңгеден сатып алынып, 473,35 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 535,19 – 540,88 теңге аралығында сатып алуға немесе сатуға болады. Рубль бағамы 5,74 – 5,81 теңге шамасында.

Айта кетелік Ұлттық банктің 15 шілдеге белгілеген ресми бағамына сәйкес, 1 АҚШ доллары – 468,88 теңге, 1 еуро – 534,10 теңге, 1 Ресей рублі – 6,04 теңге болған еді