Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жолаушылардың діттеген жеріне дер уақытында жетуін қатмамасыз ету үшін соңғы 3 тәулікте пойыздарға қосымша 57 вагон тіркелді. Мұндай шара 5 мыңнан астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік берді. Бұған қоса, 26 қаңтардан бастап №152-151 «Астана-Алматы» қосымша пойызы шығарылды, ол күнара жүретін болады», - делінген хабарламада.
Компания ақпаратына сәйкес темір жол көлігі тәулігіне 40 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды.