деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
2009 жылғы шілденің 23-нен 30-на дейінгі аралықта елде сырқаттанудың 15 анықталған жағдайы тіркелді.
Бүгін, тамыздың 4-де 14 сырқаттың А (Н1N1) тұмауы бойынша Астана, Алматы, Щучинск қалаларында карантиндік режим алынды. Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің (ХҮБК) 52 оқушысы мен оқытушысына, сондай-ақ олармен 119 қарым-қатынаста болғандарға инкубациялық кезеңді ескере отырып, соңғы қарым-қатынаста болған күннен бастап 7 күнге, яғни 2009 жылдың 3 тамызына дейін медициналық бақылау кезеңі ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде Алматы қаласында 1 сырқат үйде емделуде. Оған вирусқа қарсы препарат «Тамифлю» қолданылуда. Сырқаттың ахуалы қанағаттанарлық. Карантиндік режимі 2009 жылғы 5 тамызда алынып тасталады.
Ошақта індетке қарсы іс-шаралар кешенін жүргізу жалғасуда. Республикада жеке қорғаныш құралдары жеткілікті көлемде қамтылған.
Астана және Алматы қалаларында барлық ведомстволар мен қызметтердің жұмысы А/H1N1 тұмауының алдын алу және оған қарсы күрес шаралары бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.
Емдеу-профилактикалық және балалар мектепке дейінгі ұйымдарында жұқпаның таралуының алдын алу мақсатында шектеу іс-шаралары енгізілді.
ҚР ДСМ МСЭҚК Астана, Алматы қалалары бойынша департаменттері сырқаттар мен қарым-қатынаста болғандар арасында тұмау мен ЖРВЖ -нің (жіті респираторлық вирустық жұқпа) жағдайы бойынша күн сайынғы мониторинг жүргізді.
Астана қаласы әкімдігінің басқармалары мен ведомстволарының біріккен күштері сауда объектілерінде, базарларда, әуе-, авто-, теміржол вокзалдарында және қоғамдық көлікте А (Н1N1) тұмауының алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталды.
Қызметкерлерге бетперделік режим енгізілді, отырғызу тармақтарына, күту залдарына дезинфекциялау жүргізілді, дауыс зорайтқыш арқылы теміржол және автовокзалдардың жолаушылар терминалында әр 30 минут сайын тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде және бейнероликтер көрсетілуде. Анықталған тұмау белгілері бар, келіп жатқан жолаушыларға арналған үй-жайлар дайындалды.
Базарлар мен сауда үйлерінде санитарлық посттар ұйымдастырылды. Автобус салондарын, диспетчерлік және бақылау-өткізу пункттерін күн сайын дезинфекциялау жүргізілді. Алдын алу шараларының сақталуын бақылау бойынша күн сайын шағын және орта бизнес объектілеріне, сауда және ойын-сауық кешендеріне нақты тексерулер жүзеге асырылды. Қаладағы жолаушылар көлігі аялдамаларында жаднамалар орнатылған.
Шетелде оқып жатқан топтар басшыларымен ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және пандемиялық тұмауды жұқтырмау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.