«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынкөл ірі теміржол торабы, қазақ және қытай теміржолдары тоғысатын станса болып табылады.
«Мұнда жылжымалы құрамдар параллельді жолдарға тоқтайды да жолаушыларды отырғызу басталады: Қазақстан жолаушылары - қытай пойыздарының вагондарына, ал қытай жолаушылары біздің пойыздарға орналасады. Жолаушыларды орналастырудың бұл үлгісі өте ыңғайлы әрі уақыт шығынын қажет етпейді», - дейді пойыз басшысы Элвира Таштырова. Туристер бұл уақытта шекара және кеден бақылауынан өтіп, сапарларын жалғастырады. Күн сайын жүретін пойыз «Тұлпар-Тальго» отандық өнімнің 31 вагонынан тұрады.