Астана, Алматы және Лондон қалаларында BKS марафондары өтеді
01:31, 14 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚАзАқпарат - 2015 жылдың 13 қыркүйегінде Астанада BKS «Эйр Астана» марафоны өтеді, деп хабарланған әуе компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында.
«2009 жылдан бастап жыл сайын Британ-Қазақ қоғамы (BKS) «Эйр Астананың» қолдауымен 7 км, 10 км және 21 км қашықтықтарға жүгіру қайырымдылық марафонын Астана, Алматы және Лондон қалаларының көшелері мен саябақтарында өткізіп келеді. Биылғы жылы 5 км, 10 км, 21 және 42 км қашықтықтарын қосу туралы шешім қабылданды.«Эйр Астана» Астанаға ұшып баратын марафон жүгірушілері үшін арнайы турпакеттер ұсынады», делінген хабарламада.
Ал британ-қазақ қоғамының сайтындағы мәліметтерге қарағанда, марафонға қатысуға bksoc-marathon.org.uk сайтында тіркелу 31 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, марафон Астанада - 13 қыркүйекте, Алматыда - 19 қыркүйекте, ал Лондонда - 31 қазанда өтеді.