Астана, Алматы және Орал тұрғындары Атырауда мемлекеттік нысандарды сатып алған
01:30, 09 Ақпан 2018
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2017 жылы жекешелендіру аясында 15 нысан сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Коммуналдық жекеменшік 15 нысанның 13-і жекешелендірілді. Олардың сатылған жалпы бағасы - 1 миллиард 79 миллион теңге. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС, «Атырау» волейбол клубы, «Атырау Генплан» компаниясы, «Атырау» су спорты түрлері кубы», «Бейбарыс» хоккей клубы және басқалары жекешелендірілді», - деді облыс басшысының орынбасары Айгүл Әжғалиева өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Сондай-ақ, ол 6 ірі нысанды Астана, Алматы және Орал тұрғындары сатып алғанын айтты. Қалғандарын облыс тұрғындары жекешелендірген.