Астана амфитеатрында ешқандай Ресей жұлдыздарының концерті өтпейді - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі ресейлік эастрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт туралы хабарландыруды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір Есіл өзенінің жағалауындағы қалалық амфитеатрды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол жұмыс аяқталғаннан кейін мамыр айында ашылады жоспарланған. Демек, мемлекеттік орган концертті өткізуге келісім берген жоқ. Ондай концерт өткізу жоспарда жоқ» деп мәлімдеді әкімдік.