«Астана-Анталия» рейсі: ірі көлемде еуро, рубль және доллар алып өтпек болған жолаушы ұсталды
15:42, 13 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Анталия» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде жолаушылардың бірінен 92 855 еуро, 28 750 рубль, 9 510 АҚШ доллары мөлшерінде ақша анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«2023 жылғы 9 мамырда «Астана» өткізу пунктінде Шекара қызметі және «Астана-Әуежай» кедендік бекетінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында ірі көлемдегі декларацияланбаған валютаны өткізу әрекетінің жолы кесілді.
«Астана-Анталия» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу кезінде жолаушылардың бірінен 92 855 евро, 28 750 рубль, 9 510 АҚШ доллары мөлшерінде ақша анықталды» делінген хабарламада.
Ұсталған адам тексеріс жүргізу үшін кедендік бекет қызметкерлеріне берілді.