Никосияда өткен алғашқы кездесудегі жеңілістен кейін, Григорий Бабаян шәкірттері бүгін қалайда жеңіске жетуі тиіс болғаны өздігінен түсінікті. Дегенмен, елордалық ұжым ә дегеннен шабуылға лап қойған жоқ. Есесіне, кипрліктердің ойыны біршама ширақтау көрінді.
Ойында «Астана» есеп ашты. 15-ші минутта қауіпті шабуылдардың бірінде айып алаңының ішінде қонақтар ойыншысы Карлаудың қолына доп тиіп, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік нүктеден Педро Энрике қателескен жоқ. 1-тайм 1:0 есебімен аяқталды.