Оған Гьорги Ринг пен Венцель Тот көмектеседі.
Кашшаи 1999 жылдан бері Мажарстан чемпионаты матчтарында төрелік етіп келеді. Солтүстік Ирландияда өткен 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы чемпионатта, Канадада 2007 жылы жастар командалары арасындағы әлем біріншілігінде, 2009 жылы Нигерияда өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер чемпионатында, тағы да көптеген басқа додаларда төрелік жасаған.
2008 жылы Пекинде өткен жазғы Олимпиадада оған финалдық ойынды сеніп тапсырған. 2010 жылы ОАР-да әлем чемпионатына да атсалысқан. 2011 жылы ЧЛ финалында «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы ойынға төрелік еткен.