Бұл туралы Sports.kz. жазады.
«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде «Астана Арена» стадионына 30 000 жанкүйер жиналды. Бұған дейін көрермен ең көп жиналған ойын ретінде «Шахтёр» - «Селтик» матчы саналып келген. Ол жолы 29 950 адам ойынды тамашалауға келген еді.
Ең көп көрермен жиналған ЕК сынындағы қазақстандық командалардың өз алаңындағы ойындарының тізімі:
1. «Астана» (Астана) - АПОЭЛ (Кипр). «Астана Арена». 30 000 көрермен;
2. «Шахтёр» (Карағанды) - «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 көрермен;
3. «Астана» (Астана) - ХИК (Финляндия). «Астана Арена» 27 937 көрермен;
4. «Астана» (Астана) - «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500 көрермен;
5. «Астана» (Астана) - «Марибор» (Словения). «Астана Арена» 23 650 көрермен.