Ойынның негізгі уақыты «Астананың» 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Никосиядағы алғашқы кездесуде АПОЭЛ дәл осы есеппен ұтқан болатын.
Сондықтан, даниялық бас төреші Якоб Кехлет командаларды 15 минуттан қосымша екі тайм ойнауға шақырды.
Егер онда да гол соғылмаса, жеңімпаз пенальтилер сериясында анықталады.