Республика күні араға көп жылдар салып халқымызға қайта оралған маңызды мерекелердің бірі де бірегейі.
Ұлттық мереке қарсаңында елорда төрінде жұрт сүйсінерлік іс-шара өтті. Тәуелсіздікті ту еткен ақжаулықты аналарымыз, даналықтың бастауы – ардагер ата-әжелеріміз «Бәйтерек» монументі алаңына жиналып, ҚР Мемлекеттік әнұранын әуелете шырқады. Ашық аспан астында тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді жалынды, жігерлі үнмен жеткізе отырып, халқымызды Республика күнімен құттықтады.
Іс-шара соңы «Ақ кимешек – киелім» аналарының төрайымы, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызының ақ тілегімен түйінделді.
Айта кетейік, Астана қаласында Республика мерекесіне орай патриоттық челлендж басталған болатын.
Фото: gov.kz