Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты, 13-15 тамыз күндері аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT құрылысына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатынын жазған едік. Сондай-ақ қаладағы Сарыарқа даңғылының учаскесі ішінара жабылады.