«Астана Арена» стадионының бағанасы көлікке құлап кетті
00:10, 04 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Астананың «Барысы» мен «Югра» (Ханты-Мансийск) командасымен кездесу кезінде «Астана арена» стадионының бағанасы көлікке құлап кетті, деп жазады Sports.kz.
«Барыс-Югра» матчынан шығып келе жатсақ, көз алдымызда бағана көлікке құлап кетті. Астана - ұшатын бағаналар мен шарлардың қаласы деді Facebook қолданушысы Teimur Tmuslim.
Еске сала кетейк, 3:2 есебімен «Барыс» командасының пайдасына шешілген болатын.