«Астана Аренада» Джей Лоның концертіне соңғы дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Астана Аренада» әлемдік эстрада жұлдызы Дженнифер Лопестің 1 тамызда өтетін концертіне дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Аренада сахна, сондай-ақ шоуға қажетті барлық құрал-жабдық орнатылған.
Айта кетейік, Дженнифер Лопестің Қазақстан астанасындағы өнер көрсетуі оның «Up All Night» әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. Концертке 50 мыңнан астам көрермен келеді деп күтіліп отыр.
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.