«Астана – Арқалық» бағытында жүретін пойызда Starlink спутниктік интернеті қосылды

Фото: ҚТЖ

АСТАНА. KAZINFORM – «KAZRAIL» теміржол тасымалдаушысы «Астана – Арқалық» бағыты бойынша жүретін №655/656 пойызында Starlink интернетін пилоттық режимде іске қосты. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, аталмыш жоба биылғы жылдың соңына дейін толық апробациядан өтеді. 

Тасымалдаушылар жолаушы пойыздарында интернетті қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен жұмыс жүргізіп келеді.

Айта кетейік, мұның алдында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Алматы» және «Астана – Өскемен» бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосқан болатын. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Астана - Орал» бағытындағы пойызға жаңа вагондар қосылды.