«Астана арландары» клубының мәліметіне сүйенсек, «Argentina Condors» командасына қарсы өтетін жекпе-жектің ішінде 75 келі салмақта Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы осы серия бойынша өзінің екінші кездесуін өткізеді, оның қарсыласы Кристиан Зарате болмақ.
Сонымен, 19 сәуір күні шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:
49 келі : Жомарт Ержан - Леандро Зарате 56 келі : Қайрат Ералиев - Джонатан Санчес 64 келі : Самат Бәшенов - Лукас Хименес 75 келі : Жәнібек Әлімханұлы - Кристиан Зарате 91 келі : Василий Левит - Диего Бланке
Қос команданың тартысты жекпе-жегін «www.aibaboxingtv.com» сайтынан онлайн-режимде көруге болады. Мұхиттың арғы жағында өтетін осы кездесудің жазбаша нұсқасын «Хабар» телеарнасы 19 сәуір күні 23 сағат 30 минутта қазақстандық көрермендер назарына ұсынады деп күтілуде.