«Астана арландары» «Бангкок пілдері» құрамасымен шаршы алаңға шығады

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ертең, қаңтардың 21-күні «Астана арландары» командасының боксшылары Тайландта «Бангкок пілдері» құрамасымен шаршы алаңға шығады.

Осы жолы «Астана арландары» командасының намысын Рафик Сұлтонов, Әділет Егізбеков, Мирас Байырханов, Данияр Үстембаев және Шуаиб Булудинатс қорғайтын болады. Банкокта төмендегідей кестеге сәйкес жекпе-жекке шығады: Рафик Сұлтонов - Дончай Тхай (54 келі), Әділет Егізбеков - Витти чай Масук (61 келі), Мирас Байырханов - сити чай Сунфаурон (73 келі), Данияр Үстембаев - Кренкай Сукхум (85 келі), Шуаиб Булудинатс - Блайзе Мендао (91 келі).