"Әрбiр клуб өз құрамында легионерлер алған. Соған қарамастан, бiз Аргентина сынды команданы жеңуге тиiстiмiз. Егер олар жергiлiктi команданы ұсынса, бiз оларды қиналмай жеңетiнiмiз анық. Легиондар бар болса да, өтемiз. Мен бокста болғанда аргентиналықтардың олимпиада немесе әлем чемпионы болғанын көрген емеспiн. Содан берi олардың боксында көп өзгерiс болмаған шығар. "Астана Арландарын" жеңетiн боксшылар Аргентинада жоқ", - дедi С. Сәпиев бүгiн Астанада ҚР Бокс федерациясының 2014 жылдың қорытындысын шығаруға арналған жиында.
Еске сала кетейiк, "Астана Арландары" биылғы маусымда бес кездесудiң барлығын жеңiп шықты. 21 ақпанда "Арландар" "Аргентина кондорларымен" шығады.